Түркістан облысында стратегиялық маңызы бар «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы жалғасуда. Жобаны толық іске қосу 2026 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Құрылыс барысы қатаң бақылауда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Исқалиевпен және мердігер компания өкілдерімен кездесіп, жобаның қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелерін талқылады.
Қазіргі таңда жер қазу жұмыстарының көлемі 9,1 миллион текше метрге жеткен. 19,8 шақырымға рельсті шпал торы төселді. Көпірлер мен өткелдер салынып, су өткізу құбырлары жүргізілуде. Құрылысқа 560-тан астам адам мен 400-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған.
Снх Марат ИСҚАЛИЕВ «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры
Ұзындығы 172 шақырым болатын жаңа теміржол желісі Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарын байланыстырады. Жаңа бағыт Сарыағаш өткізу пунктінің жүктемесін азайтып, өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға және экономикалық дамуына серпін беруге бағытталған.
