Түркістан облысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасына арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Басқосуда ел дамуына бағытталған ауқымды саяси реформалардың негізгі басымдықтары талқыланды. Жиынға облыс әкімі Нұралхан Көшеров төрағалық етті. Ол Конституциялық реформаның ел болашағы үшін стратегиялық маңызын атап өтті.
СНХ Нұралхан Көшеров
Мәжілісте Конституциялық комиссия мүшелері негізгі өзгерістерге тоқталды. Жаңа жоба азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
СНХ Нұралы Әбішов
Жаңа жобада цифрлық құқықтар мен жеке деректерді қорғау алғаш рет нақты бекітілмек.
СНХ Нұрлан Ербекешов
Жиынға қатысушылар реформаны қолдайтынын білдірді. Жаңа Конституция жобасы республикалық референдум арқылы қабылданады. Бұл – елдің саяси жүйесін жаңғыртып, әділетті қоғам құру жолындағы маңызды қадам.
