УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

 “ЖЕТІСАЙ ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫ”: ЖАҢА ЗАУЫТТАР АШЫЛАДЫ

Жер жәннәті Жетісайда өнеркәсіп өнімінің көлемі артқан. Өткен жылы ауданда 10 инвестициялық жоба іске асып,300-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Бұдан өзге Жетісай ауданында өзіндік кіріс көлемі де ұлғайыпты. Бұл туралы брифинг барысында өткен жылды қорытындылаған аудан әкімі Серік Үсенұлы мәлімдеді. Сөзінше,
Асықата кентінде көлемі 59 гектарды құрайтын «Жетісай» индустриялық аймағы жұмыс істейді. Мұнда инфрақұрылым жүйесі толық қамтылған. Алдағы екі айда «Мақта өңдеу» және Су үнемдеу жабдықтарын өндіретін зауыт ашылады деп күтілуде.

Аудан әкімі құрылыс саласында атқарылған жұмысты да жіпке тізді. Сандар сөйлесін. Соңғы 3 жылдаауданда 240 тұрғын баспаналы болған. Деседе 140 пәтерлі көп қабатты үш үйдің құрылысы 2021 жылдан бері тоқтап тұр. Сағызша созылған нысандағы жұмысты аяқтау үшін жобалау-сметалық құжаттамаларына өзгерістер енгізіліпті. Бүгінде сараптаманың оң қорытындысы алынған. Енді тұрғын үйлердің құрылыс жұмысы биыл баталады деп күтілуде.

 

Айта кетсек, аудан халқы электр қуатымен толық қамтылған. Ал газдандыру және ауыз сумен қамту жұмысы жалғасуда.