Жетісай ауданында 3 жаңа жайлы мектеп салынған. Оның екеуі пайдалануға берілсе, Жетісайдағы 1500 балаға арналған мектептің кем кетіктері жөнделуде. Мердігердің жұмысын сапасыз деп тапқан аудан әкімі, бала болашағына салғырт қарауға болмайды деп отыр. Сонымен қатар, мердігерлердің есебінен тағы да білім ошақтары бой көтеріп, білім саласын дамытуда қарқынды жұмыс атқарып отырғанын алға тартты.
Өткен жылы ауданда жаңадан салынғын ғимараттар мұнымен біткен жоқ, 1 дәргерлік амбулатория, 6 фельдшерлік акушерлік путнкт салынған. Ал Асықата орталық ауруханасының күрделі жөндеу жұмысы осы жылы аяқталады деп жоспарланған.
