УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ СПОРТ ҚАЛАШЫҒЫ САЛЫНАДЫ

Сарыағашта ұлттық сорттық және сауықтыру хабы ашылады. Нысан спортты, туризмді және инвестицияны қатар дамытатын ауқымды жоба болмақ. Облыс әкімі Еұралхан Көшеров инвесторларме кездесіп жаңа жобаны талқылады. Хабта футболшыларға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи жаттығу базасы құрылады. Инфрақұрылымды жобалау мен басқаруда жасанды интеллект технологияларын қолдану көзделген. База жыл он екі ай үздіксіз жұмыс істемек.
Жобаның жеке инвесторы да Сарыағаштың тумасы. ол туған жерін дамытуға үлес қосуға ниетті. айтуынша, жобаны іске асыру кезінде 5 мыңға дейін жаңа жұмыс орны құрылмақ, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер береді.
Жоба аймақтың туристік әлеуетін де арттырады. Сарыағаш ауданында қазіргі уақытта шамамен 70 санаторий мен курорттық нысан жұмыс істейді, ал жаңа хаб бұл инфрақұрылымды толықтырып, туристерді тартады.Құрылыс жұмыстары үш кезеңде жүргізіледі. Болашақта бұл аймақта Орталық Азияда теңдесі жоқ толыққанды спорт қалашығы пайда болады.