УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЦИФРЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Түркістан облысында жасанды интеллекті бар Цифрлық медициналық орталық ашылады. бастама аймақтағы денсаулық сақтау жүйесін жаңа цифрлық деңгейге шығаруды көздейді. 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланған. Осыған сәйкес өңірде медицина саласын цифрландыру жұмыстары қарқын алды. Қазіргі таңда мердігерлермен келісімшарттар рәсімделіп жатыр. Жаңа орталықта бірыңғай байланыс орталығы, жасанды интеллекті бар дауыстық роботтар, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және ситуациялық орталықтар жұмыс істемек. Бұл жүйе өкпе және сүт безі обырын ерте анықтауға мүмкіндік береді.
Облыс орталығында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға тапсыру көзделуде. Мұнда жалпы 227 дәрігер қызмет атқаратын болады. Бүгінде кадрларды дайындау жұмыстары қызу жүргізілуде. Биыл облыс көлемінде 262 бейінді дәрігер тапшылығы бар. Түркістан облысы әкімдігінің бастамасымен маман тапшылығын шешу мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында жоғары білімнен кейінгі оқу орындарында медициналық кадрларды резидентурада даярлау үшін жергілікті бюджет есебінен 251 грант бөлінді. Жоғары оқу орындарын бітіретін резиденттер 2026 жылдан бастап 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен өңіріміздегі медициналық ұйымдарға жұмысқа орналаса бастайды.
Снх Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшы