УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН СПОРТТЫҚ ТУРИЗМНІҢ ОШАҒЫНА АЙНАЛАДЫ

2026 жыл Түркістан үшін спорттық туризмнің қарқынды дамитын жылы болмақ. Өйткені қалада 40-тан аса ірі әлемдік, халықаралық және республикалық жарыс өтеді. Тіпті бұл лек басталып та кетті. Чемпионаттар өңірдің имиджін көтеріп қана қоймай, туризмді жандандыратын нақты драйвер болмақ. Қазір облыста 89 мыңнан астам бала 63 спорт түрімен тегін шұғылданады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 69 пайызға артқан. Ал облыс бойынша дене шынықтырумен жүйелі айналысатын тұрғындар саны 851 мыңға жетіп, халықтың 42,8 пайызын құрап отыр. Спорат саласындағы өзекті мәселелер облыс әкімінің апталық мәжілісінде талқыланды. Аймақ басшысы жауапты басқарма, аудан басщыларына командалық спрот түрлері мен футболдың көрсеткіштерін жақсартуға нақты тапсырмалар берді
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров саланың жетістігі жетерлік дейді. Өңір спортшылары сурдлимпиада, ӘЛем, Азия және ел чемпионаттарында алда келеді деп қосты. Тіпті бір жылдың ішінде 1700-гежуық медаль жеңіп алғанын да сүйіншіледі. Алдыңғы жылдармен салыстырып, өсім еселеніп жатқанын да айтты.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Спорт нысандарын салу жұмысы да қарқынды, былтыр 102 спорт нысаны салынған екен. Биыл тағы 20 нысанның құрлысы аяқталып, спортшылардың игілігіне беріледі. Айта кетейік оның тоғызы инвесторлардың қаражатынан салынады. Ал спорттық жарыстарға қалаға 40 мыңнан астам қонақ келеді деп жоспарланып отыр. Бұл қонақтардың легі жыл басынан басталды өйткені жақында ғана шахматтан ҚР чемпионаты өтті ал бүгіннен бастап таеквандодан ҚР жастар арасындағы чемпионаты басталды.