УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!

Түркістанда жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен психологиялық денсаулығы басты назарға алынған «Жас ұрпақ – ел болашағы» атты форум өтті. Шараға білім беру саласының мыңнан астам өкілі, мектеп психологтары, аудан-қала әкімдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Жиында бала құқығын қорғау, суицидтің алдын алу және мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері көтерілді. Форум барысында өңірде психологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа жобалар таныстырылды. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, әр бала – бір отбасының үміті, бір елдің болашағы екенін атап өтті.

Жиында құқық қорғау және білім беру саласының өкілдері жасөспірімдермен жұмыста ведомствоаралық байланысты күшейту қажеттігін айтты. Мақсат – әр баланың өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау.
Форум аясында мектеп психологтарына суицидтің алдын алу, буллингпен күрес және дағдарыс жағдайындағы балалармен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері ұсынылды.

Сондай-ақ, форумның ресми бөлімінде өңірдің үздік 10 мектеп психологы марапатталды. Бұдан өзге, мамандарға тәжірибе алмасу алаңы да ұйымдастырылды

Фоумда айтылған барлық ұсыныстар өңірдегі балалардың психологиялық қауіпсіһдігін арттыруға бағтталған жоспарларға енгізіледі