Шолаққорған ауылында мәдениет пен руханияттың маңызды ордасы саналатын жаңа кітапхана ғимараты пайдалануға берілді.
Заманауи үлгіде бой көтерген кітапхананың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, облыстық мәслихат депутаты Бегімбет Байғараев, ауданның ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.Салтанатты жиында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жиналған жұртшылықты жаңа рухани орталықтың ашылуымен құттықтады.
Тұрғындар жаңа нысанның ішін аралады. Көрсетілетін қызмет түрлерімен танысып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.Айта кетейік, жаңадан ашылған кітапхана ғимаратының кітап қоры 500 мыңға жуық. Заман талабына сай жабдықталып, оқырмандарға қолайлы жағдай жасалған. Мұнда жастардың еркін білім алуына, ізденуіне, шығармашылықпен айналысуына толық мүмкіндік бар. Кітапханада кітап оқумен қатар, түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар, кездесулер мен танымдық жобаларды өткізуге арналған кеңістіктер қарастырылған.
