УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ЖЕР-2025: ОҚУ-ЖАТТЫҒУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Screenshot

Мегаполистн “Жер-2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық кезеңі өтті. Алдымен төтеншеліктер арнайы құтқару, өрт сөндіру сынды операцияны Шымсити шағын ауданында орналасқан алаңда өткізді. Бірқатар ситуациялық төтенше жағдайда дайындығын пысықтады. Мәселен, зіл-зала кезінде тұрғындарды эвакуациялау, қону барысында зақымданған ұшақтағы өртті сөндіру жұмысын жүргізді. Тіпті темір жол вагонымен тасымалданып келе жатқан амияк химиялық заты тиелген поезд вагонының релстен шығып кетуінде туындаған өртті де сөндірді. Сағат онда республика көлемінде сирена қосылды! Дабыл қағылды! Төтеншеліктер өз жұмыстарына кірісіп, оқу жаттығуды сәтті аяқтады.
Айта кетсек, бұл оқу жаттығу практикасына тек Шымкент қаласының құтқару қызметі емес, көршілес Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының құтқарушылары да қатысты.