Дабыл қағылды! Сирена ойнап, халық дүрбелеңде! Бұл “Жер-2025” оқу-жаттығуының сценарийі ғана. Бірақ, республикалық командалық оқу жаттығу арқылы Төтеншеліктер жер сілкінісі кезінде құтқару операциясын жасап, дайындықты пысықтады. Тіпті арнайы шатырлы қалашық құрып, төтенше жағдайға дайын екендерін көрсетті.
Практикалық кезең Тұран ауданында жалғасты. Шараға жедел-құтқару жасағы мен өрт сөндіру бөлімшелері қатысып, арнайы тактикалық жаттығулар жүргізді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, апат салдарын жоюға дайындықты тексеру және күш құрылымдарының өзара іс-қимылын пысықтау.
Практикалық кезең барысында түрлі ауқымдағы апаттық жағдайлар шартты түрде көрсетіліп, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер нақты іс-қимылдарын ортаға салды.
Мамандардың айтуынша, мұндай жаттығулар азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, төтенше жағдайларға дайын болуға септігін тигізеді.
