Жасанды интелект енді әділет департаментінде де бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында Шымкент қаласы әділет департаментінің басшысы айтты. Яғни, азаматтар әділет-заң.kz немесе Egov.kz порталы арқылы 24 сағат шектеусіз құқықтық сұрақтарына жауап ала алады. Жасанды интелект чат бот арқылы вертуалды көмекші. Бұл кезектен тыс тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, бүгінде әділет департаментінде 328 нотариустық, 504 адвокаттық қызмет халыққа құқықтық көмек беруде. Департамент ағымдағы жылдың 6 айынды 390 мыңнан астам нотариалды қызмет көрсетсе, оның 15 мыңнан астамы онлайлн көрсетілген. Бұл деген бүгінде халықтың цифрлық сауаттылығының артуы.
Сонымен бірге, әділет департаменті зияткер меншік құқықтары мен тауар таңбалары иелерінің құқықтарын қарастыратынын баса айтты. Себебі, бүгінде тауар таңбаларын заңсыз қолданатын азаматтар саны артқан. Яғни, биыл дәл осы бойынша 14 әкімшілік құқықтық істер қозғалған. Айта кетейік, департамент басшысы тұрғындарды күнделікті тұтынатын тауарды қолданатын кезде сапасы мен түпнұсқасына баса назар аударуға шақырды.
