Шымкентте медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті жыл басынан бері атқарған жұмыс есебін берді. Арнайы баспасөз жиынында саладағы өзекті мәселелер, тексерулер мен мемлекеттік қызмет көрсету барысы айтылды. Соңғы 6 айда департаментке 400-ге жуық өтініш түсіпті. Осылайша дәріханаларға 117 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Оның 109-ы азаматтық шағым негізінде, 8-і құқық қорғау органдарының тапсырмасымен өткізіліпті. Нәтижесінде кемшілік анықталған дәріхана иелеріне 15 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
Қаладағы 344 фармацевтикалық субъектінің 77% тиісті сертификат алған. Сонымен бірге, 1-шілдеден бастап барлық дәрілік заттарға таңбалау міндеттелді. Бұл қадам жалған өнімнің жолын кесіп, тұтынушы сенімін арттыруды көздейді.
Брифинг барысында департамент өкілдері халыққа ресми сайт пен әлеуметтік желі арқылы ашық ақпарат берілетінін айтып, кез-келген сұрақпен тікелей қабылдауға жазылуға болатынын еске салды.
