Жастарға берілген арендалық үй бағдарлама шартын орындамағандар баспананы босатады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы брифингте мәлімдеді. Сөзінше кейбір жастар өзге бағдарламамен пәтер алса да, арендалық үйді босатпаған. Сондықтан тұрғын үй басқармасы мамандарына да қатаң түрде ескерту берілген. Енді мониторинг те күшейтілген. Бүгіннің өзінде мерзімі аяқталып және бағдарлама шартын бұзғандар баспананы босатып жатыр.
Деседе мамандар бағдарлама мерзімі аяқталған жастарды далада қалдырмаудың амалын жасап жатыр. Арнайы қамқор жастарына жолдама беріп, төлем қабілетін растағандар баспанаға қол жеткізген.
Қазір кезектілік жүйесін «Отбасы банк» өкілдері жүргізіледі. Жуырда кезекте тұрған азаматтар 2-5% баспана алуға мүмкіндік алады. Бұл пәтерлер алдағы уақытта үлестіріледі.
