Шымкентте Резеңкелі пәтер көбейген. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша бір мкен жайға 20- дан астам адам тіркелгені анықталған. Мұндай 8 мекен-жайдың үшеуі жатақхана болып шығыпты. Қалғандары бойынша тексеру жүргізіліп, заңды бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды.
Әдеттегідей брифинг барысында қала әкімдігінің ресми өкілі бір аптада тіркелген қылмысқа қатысты ақпаратты баяндады. Өткен аптада 152 қылмыстық іс тіркелген. Оның 50 ге жуықы алаяқтық. Өкінішке орай интернет алаяқтық дерегі әлі де азаяр емес. Бұдан өзге 30 іс ұрлыққа қатысты. Шаһар басшысының орынбасары тұрғындарды сақ болуға шақырды.
