УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: ҚАРАША АЙЫНДА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

Шымкенттік кәсіпкерлердің құлағына алтын сырға! Қараша айында мемлекет тарапынан 5 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алуға мүмкіндік алады. Құжат қабылдау электронды порталда іске асады. Ал конкурс ашық түрде жүргізіледі. Бармақ басты, көз қысты әрекет орын алмайды. Себебі комиссия отырысы бейнетаспаға түседі. Алайда бұл қаражатты тек бизнесті дамытуға жұмсау қажет. Судыңда сұрауы бар екенін ұмытпаған абзал! Сонымен мемлекеттік грант алуға кім қатыса алады?