Шымкенттегі зауыттарға жұмысшылар қажет! Бұл туралы Жаңаталапта өткен Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында жұмыс берушілер мәлімдеді.
Тұран ауданы бойынша мансап орталығы мамандарының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкеге 10-нан астам кәсіпорын қатысып, 50-ге жуық тұрақты қызмет ұсынды.
Жұмыс берушілер ұсынған қызметтердің жалақысы 90 мың мен 200 мың теңге аралығын ұамтып отыр. Ұсынылған жұмыс орындары Жаңаталап елді мекеніне жақын маңда орналасқан.
Талап етілген мамандықтардың ішінде алғашқы жұмыс орны мен «Жастар практикасы» жобасы бойынша ұсыныстар да болды. Алайда қатысушылардың көпшілігін еңбекақы көлемі қанағаттандырмай отыр.
