35748 әскери бөлімінің саптық алаңында мерзімді қызметтегі сарбаздары мен жеке құрамы әскери әндердің авторы әрі орындаушысы Виват Басовпен кездесуі өтті. Әскери бөлімнің командирі подполковник Сергей Бибулатов құрметті қонақты қарсы алып, оның шығармашылығының әскери қызметшілер үшін маңыздылығын айтты. Өз әндерін орындауын бастамас бұрын Виват Басов өзінің өмір жолы туралы айтып, әндерінің қалай туғаны жөнінде бөлісіп, соңғы тоғыз жыл бойы неге сахнаға шықпағанының себебін шын ниетпен жеткізді.
Виват Басов барлық шығармалары әскери ар-намысқа, ерлікке, батылдыққа және жеңіске ұмтылысқа арналғанын, ең бастысы – Отанға, анаға және балаға деген махаббатты дәріптейтінін атап өтті. Сарбаздар алдындағы әндерін қорытындау үшін Виват Басов қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың бір әнін орындап, сазгердің 95-жылдық мерейтойына ерекше құрметін танытты.
