Биылдан бастап ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спортпен қатар басымдыққа ие болмақ. Осыған байланысты Шымкентте ұлттық спортты дамытуға арналған жиын өтті.
Қазақ күресі, көкпар, теңге ілу, жамбы ату, дәстүрлі садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақ, аударыспақ, жекпе-жек және бәйге – бүгінде Шымкентте тұрақты дамып келе жатқан ұлттық спорттың негізгі түрлері. Жиын барысында ұлттық спорттың болашағы, жастарға қолжетімділігін арттыру жолдары мен халықаралық деңгейде таныту мәселелері қаралды.
Мамандардың айтуынша, ұлттық спорт тек дене шынықтырудың емес, ұлттық рухты көтерудің, елдікті айқындаудың да басты құралы.
Жиынның басты мақсаты – ұлттық спортты жүйелі дамытуға арналған ортақ жоспар түзу және әр федерацияның міндетін нақтылау.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық спорт – елдіктің айнасы, бірліктің нышаны. Ал оның дамуы жастардың бойына рух пен қайсарлықты сіңіріп, қаланың спорттық жетістіктеріне тың серпін бермек.
Айта кетейік ұлттық спорт ұлықтау үшін білім ұяларымен үйірмелерге тоғызқұмалақ сынды үйірмені қосу ұсынылды. Дене шынықтыру және спорт басқарқасының уақытша қызметін атқарушы Ермек Дәрменов Алдағы уақытта бұл ұсыныстар қаралатынын жеткізді.
