УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ НАСИХАТТАУ АҚСАП ТҰР

Шымкентте көкпардан ел біріншілігі өтеді. Бұл – аймақ спортшылары үшін үлкен сын, ел абыройын асқақтатар дода. Жиында, тағы бір өзекті мәселе ашық айтылды: Көкпар федерациясының президенті Асан Балтабай ұлттық спортты насихаттау ақсап оұрғанын жеткізді. Бұл бағыттағы жаңалықты жариялап жүргее Масс медиа өкілдері жоқтың қасы дейді.

Айта кетейік бүгінгі жиында , әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлер арнайы марапатталды. Бұл – еңбектің еленгені, намыстың бағаланғаны. Дегенмен, ел атын шығарып жүрген атбегілер мен спортшыларға тек марапат қана емес, жүйелі қолдау қажет екені де жиында айқын аңғарылды.

Айта кетсек , осыған дейін теңге ілуден әлем чемпионатының жүлдегерлері, қаржылық сыйлығын әлі күнге дейін алмағанын айтқан.Сонымен жүлде қоры қашан беріледі? Бұл жай көз бояушылық емес пе? Жауаптылардан сұрап білдік.