Түркістанда полиэтилен пакеті мен пластик ыдыстарын шығаратын зауыт ашылды. 30 адам жұмыспен қамтылып, 200 мың теңгеден жалақы алады. «ER-QAN GROUP» ЖШС зауыты облыс орталығының арнайы экономикалық аумағында орналасқан.
Жаңа өндірістың іске қосылуы аймақтың экономикасын дамыту себеп. Жұмыс орындарын көбейтуге және өңірдегі өнеркәсіптік әлеуетті арттыруға үлкен үлес қосады. Сондықтан болар, өңір басшысының өзі қатысып, жаңа өндіріс орнының маңызды тұстарын тап өтті.
Компания басшысы Қанат Насихатұлын сөзге тарттық. Айтуынша, зауыттың жұмыстары былтыр бастау алған. Алдымен құнды құжаттарға қол қойылған, арнайы келісімнің арқасында экономикалық аумақтан орын алған. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталып, өндірістік жабдықтар іске қосылған.
