УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

БАТА БЕРГІШ БАЛАЛАРДЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ: ТҮРКІСТАНДА РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

«Аға, бата айтып берейін…, қанша берсеңізде аламын. Түркістанда дәл осылай түнгі уақытта тамақтану орындары мен демалыс орындарында және жол бойында ақша сұрап жүрген жасөспірімдерді байқаған боларсыз. Жаның ашып, иығынан қаққаныңызбен, түнгі уақытта бала не істеп жүр деп ойланасыз. Мұны заң да көтермейді. Осы жағдайға байланысты тәртіп сақшыларымен арнайы рейд ұйымдастырылып жауапты мамандар түнгі уақытта көшені бақылап шықты. Рейд барысында бірнеше оқушы анықталып, олардың ата-аналарына ескерту берілді.
Мамандар мұндай рейдтердің алдағы уақытта да жалғасатынын айтады. Мақсат – балаларды қауіптен қорғап және жасөскіндердің түнгі уақытта ата-анасының қарауынсыз жүрмеуіне және жат қылықтарға үйренуінің алдын алу болып отыр .

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – барша қоғамның ортақ жауапкершілігі. Тиісті органдардың рейдтік шаралары жалғаса береді, ал ең алдымен бақылау мен қадағалау міндеті ата-ананың өзіне жүктелетінін құзырлы мекемелер қатаң ескертеді.