Жастарға заң талаптарын түсіндіруге арналған дөңгелек үстел өтті . Бүгін Түркістан қаласында облыс әкімдігі, прокуратура, полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері бірлесе отырып «Заң мен тәртіп – қоғам негізі» атты жиында бала тәртібі жайлы сөз қозғады. Жиынға пробацияда тұрған азаматтар арнайы шақырылған. Сондай-ақ, есепте тұрған жасөспірімдерде жиналған. Сөз алғандар заң мен тәртіп егіз ұғым екенін түсіндіріп бақты. Ал заңды бідмеу- жазадан құтқармайды. Сондықтан да заңға бағыну –азаматтық борыш екені де ұғындырылды. Қазір жастардың ұқықтық сауатын ашу үшін талай тірліктер жасалып, көптеген шаралар ұйымдастырылып-ақ жатыр. Тәртіп бұзғандарын қоғамға бейімдеуге көмектесу жолдары қарапайым түрде талқыланып, түсіндіріліп те берілді. Қатысушылар нақты мысалдармен бөлісіп, жастарға бағытталған тиімді тәсілдерді таныстырды.Сонымен қатар, шарада құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіпті сақтау және жастар арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері сөз болды.
