УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Енді қазақстандық жастар шетелге шықпай-ақ Оңтүстік Кореяның беделді жоғары оқу орнының дипломын алып, халықаралық деңгейдегі IT мамандығын меңгере алады. Түркістан қаласында орналасқан Woosong University университеті 2026–2027 оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдауды бастады. Президент тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан халықаралық білім беру жобасы жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласына білікті мамандар даярлауға бағытталған. Биыл Түркістан облысы әкімдігі университетке 200 білім грантын бөліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

Талапкерлерді іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Онда мектептегі үлгерімі, ҰБТ нәтижесі және Кореядағы профессорлармен ағылшын тілінде өтетін онлайн сұхбат ескеріледі. Сонымен қатар халықаралық ағылшын тілі сертификаты талап етіледі. Құжат қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасады. Ал әкімдік грантының иегерлері 14 тамызға дейін анықталады.