Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ҚазМұнайГаз-Аэро» мекемесінің бас директоры Ильдар Шамсутдиновті қабылдады. Кездесу барысында қос тарап Түркістан өңірінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әріптестік орнату жолдарын талқылады. Облыс әкімі өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы баяндады. Ал Ильдар Шамсутдинов өз жоспарымен таныстырды. Инвестор Түркістан облысында ірі жанар-жағармай және мұнай өнімдерін сақтайтын қойма салуды көздеп отыр. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2 жылдв қамтып отыр. Жобаға сәйкес, Резервуарлық парк салынып, онда мұнай өнімдері сақталмақ. Оның ішінде 12 мың текше метрі – авиаотын. Жоспарланған инвестиция көлемі – 5 млрд. теңгені құрайды. Осы жоба аясында облыстың отын қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, әуе компанияларын тарту арқылы жолаушы және жүк ағындарын молайту, жаңа жұмыс орындарын ашу көздеоген. Кездесу барысында қос тарап жол картасын әзірлеп, жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.
