Шымкентте Жұмысшы мамандарды насихаттау жұмысы жалғасып жатыр. Бұл жолы масс-медиа өкілдері шаһардағы «ЭкоФарм Интернейшнл» мекемесінің жұмысшыларымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған бұл компания бүгінде 200-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Бұл мекеме медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруде көшбасшы болып отыр. Компанияның өндірістік алаңы 5000 шаршы метрден басталса, жаңа кеңейту жобасы бойынша 12 мың шаршы метрге дейін ұлғайған.
Айта кетейік «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС өнімдері Ресей Федерациясы, Өзбекстан мен Украинаға экспортталады. Алайда қазіргі таңда компания Қазақстан нарығына толықтай қызмет көрсетіп, өндіріс көлемін арттыруды көздеуде.
Компания жаңашылдыққа бейімделген. Жұмысшы мамандардың біліктілігін арттырудыда назардан тыс қалдырмаған. Бүгінде өндірістік әлеуетінің артуы, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілігі – еліміздің фармацевтика саласының алдағы жылдары табысты әрі тұрақты дамуын көрсетеді.
