УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ЖОЛ АПАТЫ ЖИІ БОЛАТЫН ОРЫНДАРҒА 100 КЕШЕН ОРНАТЫЛАДЫ

Түркістан облысында жыл басынан бері көші — қон заңнамасының талаптарын бұзған 11 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өңірде «Мигрант», «Заңсыз келуші», «Құқық тәртібі» және өзге де жедел профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Полиция департаментімен шетелдіктерге көмек көрсететін және заңсыз көші-қонды ұйымдастыратын делдардар бойынша жұмыс та жүргізілуде. Бұл мәлімет Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті мәжілісінде баяндалды.

Бұдан өзге жол-көлік оқиғаларының профилактикасы, оның ішінде адам өліміне алып келген оқиғалардың алдын-алу мәселесі де назарға алынды. Бұл бойынша жауапты департамент пен басқарма басшылары есеп берді. Өкінішке қарай, өңірде жол-көлік оқиғаларының саны өскен. Деседе күн сайын жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 290 патрульдік полиция қызметкері жұмылдырылады. Олыста апат жиі кездесетін орындарға жылдың аяғына дейін қосымша 100 кешенді орнату бойынша монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 2 жылжымалы кешен сатып алынған. Бақылау күшейтіліп қана қоймай, ақпараттық жұмыстар жүргізілген. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты облыс көлемінде 2575 білім беру ұйымының алдында жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылуда.

Сандар сөйлесін! Облыста 524 жүргізуші жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Мас күйінде көлік жүргізген 605 жүргізуші анықталып, олар сот органдарымен әкімшілік қамауға алынған. Сондай-ақ, көлік жүргізу құқықтары шектелді. Қосмыша ақпар, Жыл басынан пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында облыс көлемінде 42 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілгкн. Жылжымалы мансап орталықтары тарапынан шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларын түсіндіруде. Биыл бас бостандығынан айыру мекемелерінен босап шыққан азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 17 квота орындары бекітілген. Есепті кезеңге мансап орталықтарына 29 азамат жұмыс мәселесімен келген.