Жуырда Сербияның Нови-Сад қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында әйелдер бәсекесінде Қазақстанның спортшысы Шұғыла Өмірбек әлем чемпионы атанған болатын. 55 келіде сынға түскен түркістандық балуан қыз финалда Түркия спортшысы Туба Демирді 12:8 есебімен жеңді. Әлем чемпионын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
