Шымкенттіктер 1 қарашада жылуға қосылады. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек брифинг барысында жоспар бойынша биылғы жылыту маусымы қараша айынын басталатынын мәлімдеді. Шенеунік ережеге сәйкес, ауа-райы үш күн қатарынан 15 градустан төмен болса ғана жылу қосылатынын түсіндірді. Десе де шаһардағы қазандықтар мен жылу желілері техникалық тұрғыдан дайын. Бұл жұмыстар тікелей қала әкімінің бақылауында!
