УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ

Шымкенттік жолаушылардың назарына! Қаладағы қоғамдық көлік бағытына тағы да өзгеріс енгізілді. Енді №37 бағыттағы автобустар жаңа бағытпен қатынайды. Бұл туралы брифингте қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Абайұлы мәлімдеді. Сөзінше бұл жаңалықты тұрғындар көптен күткен. Мұндай өзгеріс жолаушылардың өтініштері мен ұсыныстары негізде енгізіліпті. Енді №37 автобус Арғынбеков көшесі арқылы Байтұрсынов көшесіне бұрылатын бағытта қатынайды.

Айта кетейік, №37 бағыттағы автобус – қаланың бірқатар маңызды көшелерін жалғайтын негізгі бағыттардың бірі. Сондықтан бұл өзгеріс мыңдаған жолаушы үшін күн сайынғы қатынаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.