Жалғастырамыз. Шымкенттіктерді сапалы интернетпен қамту жұмысы да назардан тыс қалмайды. Шымшаһарда Шалғайдағы елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жұмыстары қарқын алған. 2021 жылдан бері жеке инвесторлардың есебінен 60-қа жуық елді мекенге талшықты-оптикалық желі тартылған. Нәтижесінде, 500 мыңға жуық тұрғын жоғары жылдамдықты интернетке қосылған.
Айта кетейік Биыл бұл бастама жалғасып, қосымша 23 елді мекенге талшықты оптика желісін тарту бойынша меморандумға қол қойылды. Қазірдің өзінде 13 елді мекеннің тұрғындары кең жолақты интернетке қол жеткізген.Ал қалған 10 елді мекеннің тұрғындарына қараша айында интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі деп жоспарлануда.
Айта кетсек, қалада мобильді байланыс сапасын жақсарту мақсатында да базалық станциялар орнатылған. Бұл бағытта арнайы жол картасы да әзірленген.
