УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН – ЕЛДЕГІ ЕҢ ҚАУІПСІЗ ӨҢІРЛЕРДІҢ БІРІ

Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті күшейту және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар оң нәтиже беруде. Өңірде «заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру барысы облыс әкімі нұралхан көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды.

Жиында облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары бауыржан жанаев атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірде құқықбұзушылық деңгейі 4,6 пайызға, қылмыс саны 4,5 пайызға төмендеген. Ал қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 3,6 пайызға азайыпты. Осы көрсеткіштердің арқасында түркістан облысы криминогендік ахуал бойынша республикадағы ең қауіпсіз өңірлердің бірі ретінде танылды. Айта өтсек, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге мыңнан астам қоғамдық көмекші жұмылдырылған. Олардың қатысуымен жүздеген әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, бірқатар қылмыстың ашылуына ықпал жасалған. Сонымен қатар тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «жолда қабылдау» акциясы тұрақты ұйымдастырылып келеді.

Облыста есірткіге қарсы және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жүздеген профилактикалық іс-шара өткізілген. Бүгінде өңірде 21 «жас сақшы» полиция сыныбы жұмыс істеп, жүздеген оқушы білім алуда. Мәжілісте облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан жүргізілген ақпараттық-насихат жұмыстарының нәтижесі де сараланды. Жыл басынан бері жастар арасында «заң мен тәртіп» қағидаты аясында 329 іс-шара ұйымдастырылып, оған 30 мыңға жуық жас қатысқан.