УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

STUDY LINK АҒЫЛШЫН ТІЛІ МЕКТЕБІ: ИНТЕНСИВ БАҒДАРЛАМАСЫН БАСТАДЫ

Ағылшын тілінде еркін сөйлеу- жастар арасында трендке айналған. Сондықтан болар, оңай әрі тез меңгергілері келеді. Осы тұста Көптің Таңдауы — Study Link ағылшын тілі мектебіне түседі. Мұнда тәжірибелі мамандар өте көп. Шымкенттіктер жылдамдықты жақсы көреді,  мұны ескерген мектеп жаңа оқыту тәсілін қосты. Алдағы үш ай демалыста – жазғы интенсивті бағдарламасын ұсынып отыр. Артықшылығы 3 айда ағылшын тілінің 2 бірдей деңгейін меңгеріп, халықаралық емтихандарға дайындалады. Бұл орталықтан білім алған жандарға арнайы халықаралық деңгейдегі сертификат та  табысталады.

Тіл үйренушілерге арналған тиімді мүмкіндікті қалт жібермегендердің бірі-Даниял Дүйсенбай. Study Link ағылшын тілі мектебінің біліктілігі білімін арттырғанын жасырмайды. Енді ол жазғы интенсивті бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып, жазғы демалысын тиімді өткізіп, тілдік дағдыларын одан әрі жетілдіруді мақсат етіп отыр.

Қосымша ақпар,  Study Link ағылшын тілі мектебі —  Шымкент қаласында алты жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Оқу орталығы  сапалы білім беруімен танылып үлгерген.  Орталықта шетелден келген 10 білікті маман дәріс береді. Осы уақытқа дейін 30 мыңға жуық шәкірттің ағылшын тілін меңгеруіне үлес қосқан. Тіл үйренушілердің сенімді серігіне, білімін жетілдіретін ордасына айналған. Заманауи әрі нәтижелі білім ұсынатын мектептің бөлімдерін қаланың барлық бөлігінен таба аласыз. Атап айтсақ,  7 бірдей филиал Шымкенттік тіл үйренушілерге талмай қызмет көрсетуде.