Жартытөбелік «Айым» би тобы — бүгінде облыстық байқаулардың тұрақты жеңімпазы. 8-сынып оқушыларынан құралған 12 ару 3 жылдан бері сахна төрінен түскен емес. Мың бұралған қыздар бұл жолы да мерекеде аудан әкімінің қолынан арнайы марапат алды.
Балаларды қорғау күні аясында Жартытөбе ауылдық округ орталығы болғандықтан, мұнда жыл сайын маңайдағы үш ауылдың балалары жиналады. Дәстүрге айналған шараның бұл жолғы ерекшелігі — ауыл басшылығы бүлдіршіндерге арнап қалалық цирк ұжымын арнайы шақыртқан.
Мерекеге қатысу үшін көрші ауылдардан шаңдатып, жаяу келген балалардың қарасы көп. Олар үшін әр жылғы мереке — жаңа әсер, жаңа эмоция.
Жазғы демалыстың алғашқы күні жартытөбелік бүлдіршіндер үшін осындай жарқын естеліктермен басталып отыр. Бұл игі шара жыл сайын өткізіледі дейді мамандар.
