Шымкентте өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында солтүстік өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы да кеңінен түсіндірілді. Шараға арнайы Павлодар облысынан делегация шақырылып, тұрғындарға қоныс аудару шарттары мен ұсынылатын жұмыс орындары таныстырылды.
Бағдарлама бойынша Солтүстік пен Шығыс өңірлерге көшуге ниетті азаматтарға тұрақты жұмыс орындары ұсынылады, қоныс аударушыларға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі, сондай ақ еңбекке қабілетті азаматтарға жаңа кәсіп меңгеруге мүмкіндік беріледі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл бастама жұмыссыз азаматтарға жаңа өмір бастауға, ал солтүстік аймақтарға демографиялық және еңбек ресурстарын толықтыруға жол ашады.
