УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН”: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ КӨШЕ БОЙЫ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

Screenshot

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қызу қарқын алды. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының бастамасымен Пшеничных көшесінде сенбілік ұйымдастырылды.Таза ауада өткен шараға «Интеко» ЖШС ұжымы, мектеп қызметкерлері мен белсенді тұрғындар атсалысты. Қатысушылар көшенің бойын қоқыстан тазартып, аулаларды ретке келтірді.

Бұл игі істің мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қаланың ажарын арттыру.