Жұмысшы мамандықтар жылын насихаттау жұмысы жалғасуда. Мегаполисте тұрғындарға арналған Job Fair форматындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жолы жұмфс берушілер денросаябақта жиналды.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілерді тікелей байланыстырып, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңінен таныстыру.
Жәрмеңкеге 20 жұмыс беруші шақырылып, жалпы 285 мекемеден 1687 тұрақты және 788 мекемеден 2044 уақытша жұмыс орны ұсынылды. Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, мәдениет және қызмет көрсету салалары қамтылды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара жастарға, жұмыссыз азаматтарға, әлеуметтік осал топтарға және кәсіби біліктілігін арттыруға ниетті тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер бермек.
Іс-шара барысында қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары таныстырылды. түрлі саладағы тұрақты және уақытша жұмыс орындары ұсынылды сондай ақ жұмыс берушілер тарапынан мамандарға сұраныс көрсетіліп, бос орындарға жолдамалар берілді.
