УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Шымкентте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыс жүргізілді.
Кездесуде — теріс діни ағымдардың кері әсерін түсіндіріп жастар арасында діни иммунитет қалыптастыру жайлы сөз қозғалды. Шара қоғамда адалдық пен отбасылық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ патриоттық рухты көтеру мақсатында да ұйымдастырылып отыр.

Әлеуметтік желілерде теріс діни ағымдарды жақтаушылардың насихаттау жұмыстарына байланысты 239 материал бұғатталған . Жиын барысында мамандар деструктивті ағымдардың қоғамға тигізетін зиянын атап өтіп, жастарды радикалды идеологиядан сақ болуға шақырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Басы көздегені — жастардың діни сауатын арттырып, қоғамда бейбіт көзқарасты нығайту болып отыр.