УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

БІР АПТАДА ТӨРТ ПӘТЕРДЕН ӨРТ ШЫҚТЫ: ЖАУАПТЫЛАР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТТІ

Шымкентте 1 апта ішінде ПОШАНОВ көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің 4 пәтерінен өрт шыққан. Соңғысы бүгін таңғы сағат 9 — дар шамасында болған. Абырой болғанда үй егесі қвзыл жалынды байқап өртті дер кезінде сөндірген екен.

Айта кетейік, қызыл жалын шарпыған екі пәтер толық өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Себебі қызыл жалын шарпығанда үйде ешкім болмаған. Сала мамандары өрттің шығу себебін электр жүйесінің қысқа тұйықталуымен байланыстырады.

Бүгінде төтеншеліктер, газ техникалық инспекциясы, қалалық әкімдік мамандары бірігіп Пошанов көшесіндегі көп қабатты тұрғын үй аумағында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жауаптылар қауіпсіздікті қатаң сақтауды сұранады. Сондай-ақ, электр желісіне қатысты ақауларды реттеу үшін “Оңтүстік жарық” мекеиесінің мамандары да шақыртылған. Арнайы жиын өтіп, мәселені шешу жолдары қаралады.

Пошанов көшесі 31 үйдің тұрғындары енді үйін тастап жұмысқа барудан да қорқатындарын айтуда. Тағыда үйіміз өртеніп кетеме деген үрей басым дейді олар.

Түсіндірме жұмыстары барысында тұрғындардың арыз шағымдары қаралып, әкімдікке жолданды.