Жалғастырамыз. Кәсіби мереке аясында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков
құтқарушыларға арналған екі жаңа қызметтік көліктің кілтін
салтанатты түрде табыстады.
Мерекелік шара аясында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың
заманауи техникасы мен құрал-жабдықтары көрмеде таныстырылды.
Келушілер өрт сөндіру көліктерінің жаңа үлгілерін,
құтқару жабдықтарын және арнайы техникаларды тамашалады.
Көрме тек техникалық жетістіктердің көрсетілімі ғана емес,
азаматтық қорғаныс мәдениетін насихаттау мен
жастардың құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттыруға арналған мағыналы шара болды.
