УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініш-талаптарын тыңдады. Қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сарыағаш, Мақтаарал аудандарынан алдын ала жазылған тұрғындар келген. Олар
әлеуметтік көмек, жер мәселесі, тұрғын үй сапасы және инфрақұрылымға қатысты мәселелерді көтерді.
Мәселен Кентаулық азамат кенді шаһардан мүгедектігі бар балаларға арналған инклюзивті орталық салу бойынша ұсынысын айтты. Бұдан бөлек, ғимараттарға пандус орнату, мемлекет тарапынан берілетін қажетті қолдауларды алу мәселелерін көтерді. Облыс басшысы мүмкіндігі шектуелі азаматтардың қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалу керек екенін айтып, жауаптыларға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Ал Түркістандық кәсіпкер коммуналдық мемлекеттік мекемеге қарасты балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру мәселесін қозғаса, тағы бір тұрғын жекеменшік балабақшасын қаржыландыруды сұрады. Одан бөлек, Түркістандағы тұрғын үйлердегі ақаулықтарды ретке келтіру, секілді өзекті түйіткілдерді ортаға салды. Нұралхан Көшеров тұрғындар көтерген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Ұсыныстар мен өтініштерді жеке зерделеп, тиісті басқарма басшылары және аудан, қала әкімдерімен бірге шешу жолдарын қарастырды. Кейбір мәселелер сол мезетте шешімін тапса, күрделі мәселелер бақылауға алынды. Алайда барлығы дерлік, заң аясында шешілетін болады. Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастырады. Әкімнің Қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға мүмкіндік бар.