УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

“ШЫМҚАЛА КЕШТЕРІ” ШЫМКЕНТТІКТЕРГЕ ШАТТЫҚ СЫЙЛАДЫ

Screenshot

Шымкент қаласының кешкі өміріне ерекше рең беретін “Шымқала кештері” жобасы — мәдениет пен өнердің көркем тоғысқан алаңы. Апта сайын қала тұрғындары мен қонақтары ашық аспан астында өтетін әуенді кештерге жиналып, рухани демалып, жарқын әсерге бөленеді. Бұл — қарапайым концерт емес. Бұл — өнердің халыққа жақын болғанының белгісі.

“Шымқала кештері” — жай ғана ән мен бидің жиынтығы емес, бұл – мәдени аура. Әрбір кеш ерекшесценариймен, әртүрлі тақырыппен өтеді. Бірде ұлттық музыкаға құрмет көрсетілсе, келесіде заманауижастардың орындауындағы поп-рок әндер орындалады. Сахна төріне шыққан әрбір өнерпаз — қаланың руханикелбетін айшықтайтын тұлға. Кештерге танымаләншілер мен жергілікті таланттар қатар шақырылып, Шымкенттің өнер ордасы екенін тағы бір дәлелдейді.«Шымкент концерт» мемлекеттік концерттікұйымының шығармашылық ұжымы ән мен күйден шашу шашса, Шымкент циркінің әртістері акробатикалық және клоундық қойылымдар арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленуде. Жарық шамдармен көмкерілген алаңдарда өткен әрбірқойылым көрерменге ерекше әсер сыйлап, қала атмосферасын жандандыруда.

Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен өтетін іс-шарақала тұрғындарына ерекше демалыс сыйлаумақсатында OPEN AIR форматындағы халық көп шоғырланатын демалыс аймақтарында әр сенбі мен жексенбі күндері өтуде. Бұл — тұрғындардың демалыскүнін мазмұнды өткізуіне мүмкіндік беретін, отбасымен, достарымен келіп, ашық аспан астындашынайы эмоция сыйлайтын мерекелік формат. Әсіресе, жаз мезгілінде мұндай кештер қаланың жанынжадыратып, күннің аптабын ұмыттырады.

Музыка мен би, поэзия мен театр элементтері тоғысқанбұл жобаның ерекшелігі — сахна мен көрермен арасындағы шекараның жойылуы. Яғни, әрбір қонақөзін мерекенің белсенді қатысушысы ретінде сезінеалады. Бұл — халық пен мәдениеттің біртұтас тынысынбілдіретін көрініс.

“Шымқала кештері” — тек көңіл көтеру ғана емес, бұл — қала имиджін қалыптастыратын маңызды мәдени платформа. Мұндай жобалар арқылы Шымкенттің жасампаз бейнесі, өнерге, жастарға, дәстүрге дегенқұрметі айқын көрінеді. Кешкі уақытта қала тұрғындары үшін қолжетімді, тегін өтетін концерттер —мәдениетті бұқараға жақындатудың жарқын үлгісі.

Бүгінде “Шымқала кештері” жобасы Шымкенттің ең көп күтілетін мәдени шараларының біріне айналды. Бұл — қала тұрғындарының өнер мен руханиятқа дегенсұранысының артқанын, шығармашылықтың күнделікті өмірде алатын орнын айқындайды. Алдағы уақытта бұл кештердің географиясы мен ауқымы кеңейіп, жаңа форматтармен толықса, шырайлыШымкенттің аты тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де жарқырай түсері анық.