Шымкентте жол құрылысы қарқынды. Дәл қазір Қазиев көшесінің жалғасын салу жұмысы жүруде. Жұмысшылар күннің аптап ыстығына да, соғып тұрған желге де қарамай жұмысты жалғастыруда. Қазір бұл нысанға 15 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, әр учаскеде арнайы техникалық қадағалаушы да бекітілген. Олар жол құрылысының жобадан ауытқып кетпеуін қадағалайды. Айта кетсек, егер мемлекет мұқтажына өтуі тиіс үйлер мен жер учаскелерінің құжаттары құнтталса нысан жыл соңына дейін аяқталуы мүмкін.
Ал мердігер мекеме жасаған жұмысына 5 жылға дейін кепілдік береді. Осы мерзімде кемшілік анықталса, өз есебінен түзетуге міндетті.
