УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ — ТҮЛІК БАҒАСЫН КӨТЕРГЕНДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Screenshot

Шымкент қаласында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 200-ден астам кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мәліметінше, аталған тауарлардың бағасын бақылау мақсатында сауда орындарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп келеді. Айта кетейік, сүйекті сиыр еті бақылауға алынған 19 атаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енеді. Осы орайда, бағаны тұрақтандыру мақсатында «айналым схемасы» тетігі арқылы «Magnum» және «Грамад» сауда желілерімен арнайы келісімдер жасалған. Нәтижесінде, сүйекті сиыр еті 2 590 теңге көлеміндегі тұрақты бағамен сатылуда. Ал жекеменшік сауда орындарында ет бағасының қымбаттауын мамандар маусымдық сұраныстың артуы, мал азығы бағасының өсуі және экспорт көлемінің ұлғаюымен түсіндіреді. Соған қарамастан, қалада ет тапшылығы байқалмай отыр.