УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ШАҒЫН ӨНДІРІС – ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

үркістан облысында шағын және орта өндірісті дамытуға басымдық беріліп отыр. Соның бір дәлелі – Сауран ауданындағы шағын өндірістік паркте іске асырылып жатқан заманауи жобалар. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өндірістік парк аумағына барып, нысандардың құрылыс барысын көріп, жұмыс сапасына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Аймақ басшысы жобалар уақытылы аяқталып, өндіріс тұрақты жұмыс істеуі керектігін атап өтті. Қазіргі таңда парк аумағында ауыл шаруашылығы техникалары мен аспалы жабдықтарды шығаратын өндіріс орны салынуда. Жобаның жалпы құны – 2,1 млрд теңге. Өндірістік нысан 3,9 гектар аумақта орналасқан. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған. Жоба іске қосылған жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар өндірістік парктің толық жұмысы өңірдің индустриялық әлеуетін арттыруға серпін береді. Айта кетейік, Түркістан маңында 100 гектар аумақта шағын өнеркәсіптік парк құрылуда. Онда 152 ғимарат салынып, 6 мыңнан астам жұмыс орны ашу көзделген. Қазірдің өзінде бірқатар өндіріс орындары жұмысын бастап кеткен.