УАҚЫТ TV
Жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА — 10 ЖЫЛ

Қоғам мен билік арасындағы көпірге 10 жыл. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауы және облыстық қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Түркі елінің рухани астанасында маңызды дата атап өтілді. Қазақстан Республикасында қоғамдық кеңестердің құрылғанына 10 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Айтулы басқосуға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, басқарма басшылары, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ аудандық және қалалық қоғамдық кеңестердің төрағалары қатысты Жиынның басты мақсаты – соңғы он жылда қоғамдық кеңестер институтының ел дамуындағы орнын саралау. Мемлекеттік басқаруда ашықтықты арттыру, азаматтық қоғамды нығайту, халық пен билік арасындағы диалогты жолға қою бағытында атқарылған жұмыстарға нақты баға берілді.Он жыл ішінде Түркістан өңірінде инфрақұрылым, жол, әлеуметтік нысандар бойынша ауқымды жобалар жүзеге асқан.  Шара барысында қоғамдық кеңестердің рөлі тек кеңес берумен шектелмейтіні айтылды. Олар – қоғам үнін жеткізетін, шешім қабылдау процесіне азаматтарды тартатын маңызды алаң. Алдағы кезеңде қоғамдық бақылауды күшейту, үздік тәжірибелерді кеңінен тарату және белсенді мүшелерді қолдау негізгі басымдық болмақ.  Салтанатты жиын қорытындысында қоғамдық кеңестің бірқатар мүшелері облыс әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.  ф