Шымкенттегі Сайрам тұрғын алабындағы бірқатар білім беру мекемелеріне партиялық бақылау жүргізілді. «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы сайлауалды бағдарламада көрсетілген міндеттердің орындалу барысын көзбен көріп, нысандарды аралады.
Жұмысшы топ құрамында мәслихат депутаттары, басқарма өкілдері және Қаратау ауданы әкімдігінің мамандары болды. Олар №108 Хамза атындағы жалпы орта мектепке барды. Айта кетейік, бұл білім ұясы 1971 жылы салынған. Сондай-ақ сала жауааптыларының айтуынша 54 жылдан бері алғаш рет күрделі жөндеу көріп отыр.
Жөндеуге 541 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалған. Комиссия өкілдері сапа мен мерзімді бақылауға алатынын жеткізді.
