Республика бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері артып келеді. Оның ішінде Шымкент қаласы да тыс қалмады.
Жыл басынан бері тек Еңбекші ауданында 700-ге жуық оқиға тіркелген. Бұл — тек ресми дерек.
Полицияға хабарланбағаны қанша екені беймәлім…
Осыған байланысты Еңбекші ауданы Полиция департаментінің өкілдері тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Аинайы анонимді сауалнама да жүргізілді.
Мақсат – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алып, жәбірленушіге қолдау көрсету. Бұл бағыттағы жұмыс жалғыз полиция қызметкерлерімее шектелмейді. Жәбірленушілерге «Бақытты жанұя» қоғамдық қоры да көмек көрсетеді. Бұл жерде арнайы психологтар, заңгерлер мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Олар полицейлермен бірге әр жағдайды жеке қарастырады, керек болса – отбасына барып, нақты қолдау көрсетеді.
