“Әсем киім – әйел ажары”! Шымкентте үшінші Республикалық мұсылман әйелдерінің сән киім байқауының іріктеу кезеңі өтті. Сайысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастыруда. Байқаудың мақсаты — ұлттық және діни құндылықтарға сай сән үлгілерін насихаттау, мұсылман әйелінің әдебі мен киім мәдениетін дәріптеу, сондай-ақ дизайнерлер мен сәнгерлерге шығармашылық алаң ұсыну.
Бүгінде мегаполисте өтіп жатқан сайысқа 6 үміткер қатысуда. Байқауға қатысушылар қарапайымдылық пен әдемілікті үйлестірген, кәсіби және діни талаптарға сай тігілген ұлттық нақыштағы заманауи үлгілерді қамтуы керек. Сайысқа қатысушы Гүлнұр Бектұрғанова 5 жылдан бері тігіншілікпен айналысыда. Байқауға “Nur collection” брендімен 6 түрлі киім үлгілерін жинаған. Қатысушының айтуынша, қазақи нақыш пен діни киімді үйлестіру орамалды қыздардың да ұлттық үлгіде киінуіне мүмкіндік береді дейді.
Айта кетейік, үздік деп танылған бір сәнгер ақтық сынға, яғни Алматы қаласында өтетін республикалық деңгейдегі байқауға жолдама алады.
