Су айдындарында қауіпсіздік күшейді. Ордабасылық төтеншеліктер рейдтік іс-шараларды жалғастыруда.
Демалушыларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері мен заңнама талаптары түсіндіріліп, ақпараттық жадынамалар таратылуда. Рейдтер барысында ата-аналарға балаларды үнемі бақылауда ұстау қажеттігі туралы жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Төтенше жағдай қызметкерлері демалыс аймақтарын патрульдеп, халықпен түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеді. Ал анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік шаралар қабылданады.
Алайда төтеншеліктердің ескертпесіне құлақ аспайтындар да бар. Рейд кезінде тыйым салынған орындарда суға түсу фактілері мен кәмелетке толмағандардың ересектердің қарауынсыз өзен-көлдерге барғаны анықталды.
